• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Қостанайда Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы  Президиумының көшпелі отырысы өтті

20 рет
көрсетілді

Алқалы жиынға Президент жанындағы ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Сенат депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми мекемелердің, өңірдегі ЖОО-ның басшылары, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және агроөнеркәсіптік кешен, энергетика, денсаулық сақтау салаларының отандық және шетелдік жетекші ғалымдары, сондай-ақ бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.

Көшпелі отырыста Қостанай облысының ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту, агроөнеркәсіптік кешенде жоғары бөлініс деңгейіндегі өнім өндіру көлемін арттыру, өнеркәсіпті дамыту және инновациялар, өңір өнеркәсібін әртараптандыру, жаңа технологияларды енгізу және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өңірлік ғылымды қолдау және технологиялар трансфері, өңірдің ғылыми қызметін күшейту, өндіріске кадр даярлау, адами капиталды дамыту, өнеркәсіпке экологиялық тұрғыдан орнықты технологияларды енгізу, өндіріс пен агросекторды цифрлық трансформациялау, өңір экономикасына, соның ішінде ауыл шаруашылығына заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу тәрізді мәселелер қаралды.

Ақылбек Күрішбаев осы уақытқа дейін мұндай отырыстар 8 облыста өткенін, онда  аймақтық ғылымды дамыту мәселелері аграрлық, медициналық, мұнай-химия, көлік логистикасы мен ядролық энергетика ғылымдарына баса назар аударыла отырылып талқыланғанын айта келіп,  Қостанай облысында өңірлік ғылымды дамытуға бағытталған шараларға тоқталды.

«Бүгінгі отырысымыздың күн тәртібіне қойылып отырған мәселе – Қостанай облысындағы аймақтық ғылымды дамытуды шикізат өңдеу мен аймақ экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелерімен үйлестіре отырып қарау. Бұл түйткілдер күн тәртібіне кездейсоқ қойылған жоқ. Себебі олар қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өңірде өңдеу саласында қосымша құн қалыптастырудың пайдаланылмаған зор әлеуеті бар. Бұл өндіріс тиімділігін одан әрі арттыруға және жүйелі негізде импортты алмастыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы осы мәселеге ерекше назар аударып, үш жыл ішінде АӨК-дегі өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін арттыру міндетін қойды. Бұл АӨК-ні ғылыми-технологиялық жаңғыртуды, цифрлық шешімдерді енгізуді, үздік әлемдік тәжірибелерді пайдалануды және климаттық өзгерістерге бейімделуді талап етеді. Қостанай облысы – ауыл шаруашылығы жер көлемі 10 млн гектардан асатын, еліміздегі ең ірі аграрлық өңірлердің бірі және елеулі индустриялық әлеуетке ие. Өңірдің орнықты дамуы ғылыми тұрғыдан негізделген шешімдерді, климаттық тәуекелдерге бейімделуді, ресурстарды ұтымды пайдалануды, эмиссияны азайтуды және экологиялық технологияларды енгізуді қажет етеді», деді Ақылбек Күрішбаев.

Қостанай облысы